in

«Бауырлық қамқорлығым»: Заттыбек Көпбосынұлы ағасына сый жасады

Белгілі әнші Заттыбек Көпбосынұлы ағасына көлік сыйлап, көпшіліктің ықыласына бөленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші әлеуметтік желіде бауырларымен бірге түскен видеосын жариялап, «Бұл – менің бауырлық қамқорлығым»   деп әнші ағасына көлік тарту еткен. Видеодан әншінің бауырларымен жиналып, ағасына көлік кілтін табыстаған сәтін көруге болады.

«Барымызды бауырларымызбен бөлісе білейік, ағайын! Жақсы күндеріміз көп болсын!» , — деп жазды ол әлеуметтік парақшасында.

Оқырмандары әншіге қолдау білдіріп, жылы пікірлерін жазды.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Заттыбек Көпбосынұлы (@zattybek)