in

Бекболат Тілеухан бір тойда ән шырқап, 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік мінді (видео)

Бекболат Тілеухан Мұхамеджан Тазабектің қызының ұзату тойында ән шырқады, – деп жазды Aikyn.kz.

Продюсер Айсауле Әбілда әлеуметтік желідегі парақшасында жыр айтып, қонақтардың ықыласына бөленген Бекболат Тілеуханның видеосын  жариялады. Оның өнеріне тәнті болған жұрт 15 жылқы, 1 түйе және 1 темір тұлпар атаған.

«Атақты жырау, белгілі дәстүрлі әнші Бекболат Тілеухан ағамыздың әнін тыңдап тамсанбаған адам аз шығар қазақта. Себебі ол кісі қолына домбыра алып, ән сала бастағанда бәріміздің ұлттық кодымызға су бүріккендей қомпаңдап қаламыз. Кеше той үстінде ел қолқа салып, жанды дауыспен әр өңірдің әнін құйқылжыта жөнелгенде ағалар мәрттігін көрсетіп, сый-сыяпатын аямады. Тәуелсіздікті енді алып, ел есеңгіреп жатқанда қазақты Қазтуғанның, Доспамбеттің, Ақтамбердінің жырымен табыстырған арда аға, аман болыңыз, бар болыңыз!» – деді продюсер.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Айсәуле Әбілда (@oisaule)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.