Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың отбасына қатысты сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Продюсер әнші ұлы жастайынан еңбекқор болғанын айтты.
“Титтейінен еңбекқұмар болып өскен ақ Қайроштарыңыз, “болды атағым бар” деп жатып алған күні болған жоқ. Ылғи ізденіп жүреді. Соның арқасында KN болып отыр. Өз брендін жалғастырып келе жатқаны, Алланың бір нығметі болар. Қаншама оқырман ақыл айтады, неге бүйтпейсің, неге сүйтпейсің деп, сол адамдар неге өздері сөйтпейді екен деп қоямын. Ал ақшасын санап отырғандар, ер жігітке ата-ана да, бауыр да, өз отбасы да – сынақ. Бір отбасында бір адамға сынақ етіп, ақшаны да, абыройды да үйіп-төгіп береді. Сенің ниетің қалай, асынып-тасынасың ба, жоқ мен таптым деп кеуде көтересің бе, оның бәрі пейіліңе байланысты. Үміт артқан ұл-қыздарыңыздың ауызбіршілігі болып, сізге деген құрметі бақытқа жеткізсін! Ең бастысы, төрт көзіміз түгел болсын, қалғанының бәрі реттеймін деген адамға кеш емес, саналы ұрпағымыз болсын!”, – деді ол.
Желі қолданушысы продюсерге Қайрат Нұртастың отбасына қатысты сұрақ қойды. «Бәріне Қайрат пен Жұлдыз жұмбақ болды. Жұлдызбен тұра ма, ажырасты ма? Қызын неге дүркіретіп шығарып алмады?» деді оқырман.
“Бес баласын тастап қайда кетуші еді. Бірге әрине. Бірге жүргендерін сала ма, жоқ па өз қалаулары ғой. Менің дегенімді жасаудан өтіп кеткен ғой, қайтесіз өздері білсін. Мен өзім үшін жауап берсем жеткілікті”, – деп жауап берді продюсер.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.