in

«Біз үшін ерекше күн»: Роза Рымбаеваның келіні қуанышты жаңалық айтты

«Assyl» тобының мүшесі, қобызшы Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желіде жазба жариялап, отбасы үшін маңызды күнді атап өткенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

 Ол күйеуі Әли Оқаповпен отбасын құрғандарына бес жыл болған айтып, естелігін бөлісті.

«5 жыл бірге.  Кеше ғана бастағандай едік, ал қазір ең әдемі естеліктерімізді бірге жазып келеміз. Алдымызда әлі талай арман, талай жол бар. Бүгін — біз үшін ерекше күн. Дәл осы күн 5 жыл бұрын біз отбасын құрдық. 21.09.2020», – деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, бүгінде Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай бір бала тәрбиелеп отыр.

Желі қолданушылары жас отбасыға бақыт тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.