in

«Бұл зұлымдық мені әлсіреткен жоқ»: Айжұлдыз Адайбекова өзіне қастандық жасалғанын айтты (видео)

Блогер, актриса Айжұлдыз Адайбекова Instagram парақшасында өмірінде болған жағдай туралы сөз қозғады, – деп жазды Аikyn.kz.

Айтуынша, өзіне бірнеше рет сиқыр жасалған.

«Менің басымнан талай жағдай өтті. Ине, ойыншық секілді нәрселерді үйімнен не болмаса киімдерімнің арасынан талай таптым. Кімнің жасап жүргенін де жақсы білемін. Бірақ бұл зұлымдықтар мені әлсіреткен жоқ, керісінше иманымды күшейтті. Енді үйден дұғасыз шықпаймын, алған әрбір сыйлыққа сақтықпен қараймын. Дәретсіз, садақасыз жүрмеймін. Әр қиындықты мүмкіндікке айналдыруға тырысамын», – деп жазды ол парақшасында. 

Блогер біреуге не тілесең, ол өзіңе қайтатынын атап өтті.

«Қандай ниетпен адамға не тілейсің, сол көлемде өзіңе қайтады. Жаманнан сақтайтын тек жақсы амал мен иманыңның мықтылығы. Құдайдан артық емес ештеңе, есіңде болсын»,  – дейді ол.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Julie) (@aizhuldyz_adaibekova)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.