in

«Бұрынғы ата-енем өз ата-анама айналып кеткен»: актриса Ақбота-Нұр жан сырын ақтарды

Әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет бұрынғы ата-енесімен қарым-қатынасы жайлы айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Әнші балаларына бұрынғы ата-енесі қарайтынын жасырмады.

«Екі құлыныма жүректері кең, ұрпақ қамын ойлайтын, махаббат пен қамқорлығын аямайтын ардақты ата-әже нәсіп етті. Менің бұрынғы ата-енем балаларыма қарайды. Менің жұмысымның ақсап қалмауын түсініп, әрдайып қолдау білдіреді. Маған көп мүмкіндік берді. Жас кезімде дамысын, оқысын көрсін деп отырады. Аяққа тұрып, өсуімді тілейді. Бұрынғы күйеуімнің әке-шешесі өз ата-анама айналып кеткен. Алғыстан басқа айтарым жоқ. Амандық болсын әрдайым»,  – деп жазды әнші. 

Ол жақында үйленген бұрынғы жолдасы Дәурен Айдарқұловқа бақыт тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.