in

«Бұрын тығылып жүрдім»: Жұлдыз Әбдікәрімова ашық образы үшін сынға қалды

Актриса, әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова ашық образы үшін сынға қалды, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол әлеуметтік желіде жүктілік кезіндегі фотоларын жариялаған. 

«Осы жүктілігімде өте көп фото-видео болады. Өйткені бұрынғы жүктіліктерімде тығылып жүрдім. Ал қазір кешіріп қойыңыздар! Осы ғажап күйімді өткізіп алғым келмейді», – деп жазды актриса Instagram парақшасында. 

Алайда оқырмандары актрисаның образын сынға алды.

«Мен ғана ма ұялып отырған?», «Ұл-қызыңнан ұялсаңшы», «Адам жынды боламын десе, бір минут екен ғой», «Атасы көріп қоймаса екен», – деп жазды желі қолданушылары.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.