Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде оқырман сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Желі қолданушылары «Ертең Қайрат Нұртастың концертіне барасыз ба?» деп сұрақ қойған. Актриса бұған жауап ретінде дайындықта жүрген видеосын жариялады.
«Жүрміз ғой басы-қасында. Бәрі бақылауда, уайымдамаңыздар. Концертке дайындық қызу жүріп жатыр. Сахна сыртында жүрген адам көп. Мына масштаб бұрынғыдан өзгеше болайын деп тұр. Сахнада сіздер біле бермейтін талай сәттер болады. Ертең келіп, көзбен көріңіздер», – деді актриса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
