Продюсер Гүлзира Айдарбекова сусабын сатамын деп, сынға қалды, – деп жазды Aikyn.kz.
Желіде оқырмандар тауардың кешігіп жатқанын айтып, толассыз хат жазып жатыр.
«Ойынның өткеніне 15 күн болды. 15 күннен бері күтіп жүрміз. Ауызбен ғана айтып отырсыз. Әлі қанша күн күтейік?!», «Тауарды уақытында сала алмасаңыз неге сатуға шығарасыз?!», «Неге ұтыс ойынын ойнаттыңыз?! Нөмірлердің ешқайсысы жауап бермейді. Хабарлассақ сөніп жатыр. Ісіңізге жауапкершілік танытсаңыз екен», «Мен ұтысымды әлі алмадым», «Мен де алған жоқпын, көмекшілеріңіз телефондарын алмайды», – деп жазды желі қолданушылары.
Продюсер осыдан кейін оқырмандарына жағдайды түсіндіріп, уақытша қолайсыздық болып жатқанын айтты.
“Ешкім алмай қалмайды. Телеграмға чек жібергеннен кейін хабарлама барады. Сол жерде қай жерден алып кету керегі жазылған. Бүкіл тауар әр қалаға жөнелтілді. Әр шампуньға 1500 теңге төледім. Мен атыма кір келмеуін қалаймын. Міндетті түрде тауарды қолыңызға аласыз. Көп адам чекті қайда жіберу керегін түсінбей жатыр. Сосын осындай қолайсыздықтар болып жатыр”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.
Айта кетейік, продюсер жақында шашқа арналған сусабын шығарды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.