in

Гүлзира Айдарбекова танымал блогерге бриллиант сыйлады (видео)

Продюсер Гүлзира Айдарбекова танымал блогер Әсел Асқарға бағалы сыйлық берді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Продюсер блогерді жарнамаға түсуге шақырған. Ал Әсел Асқар түсірілім үшін ақы алмайтынын айтқанымен, бағалы сыйлыққа ие болғанын жеткізді. Ол оқырмандарына бриллиант әшекейін көрсетті.

“Жұмыс нөміріме Гүлзира ханым хабарласты. Қуанып кеттім. “Әсел, сен қазір ең үздік блогер екенсің. Сені маған продюсерім мақтап жатыр. Мені қолдап, видеома түсіп берші” деді. Бірден келісе кеттім. Гүлзира ханым өзі еңбекқор адам болған соң, менің жұмысымды құнсыздандырмай бағамды сұрады. Мен ақша алмайтынымды айттым. Батасын беріп, риза болды. Мен өз басым жұмысыма адалмын. Жауапкершілігім бар. Жұмысқа ерте барып, Гүлзира ханыммен шай ішіп, түсірілімге ерте барып жүрдім. Бір кезде маған 10 грамм гауһартасы бар әшекей бұйым сыйлады. Мұндай қымбат сыйлық күтпегесін абдырап қалдым. Біреуден сыйлық дәмететіндей адам емеспін. Шыны керек қатты ұялдым. Бізде бәрі шын жүректен жасалды. Гүл әпкемнің қолын қайтармадым. Мәселе алтында емес, оның бағасында емес, сыйластық бірінші орында. Бұл да екінің біріне бұйырмайтын нәрсе”, – деп жазды Әсел Асқар. 

Айта кетейік, продюсер Гүлзира Айдарбекова жақында жеке өнімін – сусабын шығарғанын хабарлаған болатын.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Асель Аскар (@assel.askar)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM    арнасынан табасыз.