Актер Азиз Бейшенәлиев журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында өзінің дерті жайлы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол өзіне 46 жасында аутизм диагнозы қойылғанын айтты. Айтуынша, ұлы да осы дертке шалдыққан. Актер бұл сырттай қарағанда адамға білінбейтінін айтады.
«Диагнозымды 46 жасымда білдім және сол кезде көп нәрсені түсіндім. Кеңес үкіметі кезінде ондай дерттің диагностикасы жасалмаған. Мен ол туралы білмедім. Осылайша, мен үшін өмір сүру жеңілдей түсті. Актерлік мамандықты өзіме терапия ретінде бейсаналы түрде таңдаппын. Соны түсіндім”, – дейді актер.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.