in

Димаш Құдайберген Түркістанда ерекше жоба бастады

Түркістан облысында Димаш Құдайберген бас продюсерлік атқарған  Voice Beyond Horizon  халықаралық музыкалық шоудың түсірілімі басталды. Жобаға Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінен өнерпаздар қатысып жатыр, –  деп хабарлайды Aikyn.kz dimashnews.com-ға сілтеме жасап.

Музыкалық жобаға қатысушылар Түркістан қаласына пойызбен келді. Түсірілім жұмыстары аясында олар «Әзірет-Сұлтан» кешені, Отырар елді мекені, «Қаравансарай» туристік кешені, этноауыл және Сайрам-Өгем ұлттық саябағы секілді бірқатар маңызды туристік және мәдени орындарды аралайды.

Байқауға қатысушылардың кәсіби деңгейін арнайы шақырылған халықаралық сарапшылар бағалайды.

Түркістан облысындағы түсірілім кезеңі аяқталған соң, музыкалық шоуға қатысушылар шығармашылық сапарын еліміздің басқа аймақтарында жалғастырады. Халықаралық жоба Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарын, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларын қамтиды. Шоудың финалы Қазақстанның астанасында жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.