in

Динозаврлар дәуірінде адамдар оттегі жетіспей қиналатын еді

Aikyn.kz жаңа зерттеулердегі ауаның құрамын динозаврлардың тістері арқылы қалай анықталғанын newatlas.com хабарламасына сүйеніп талдайды.Динозаврлардың қазба тістері бұл жаратылыстардың немен қоректенгені мен сол дәуірдегі атмосфераның қандай болғанын да айтып бере алады. Фото prins.uni-goettingen.de сайтынан алынды

Кім ойлаған? Динозаврлардың қазба тістері бұл жаратылыстардың немен қоректенгені мен қандай туыстық байланыста болғанын ғана емес, сол дәуірдегі атмосфераның қандай болғанын да айтып бере алады екен. Жаңа зерттеулер көрсеткендей, сол кезде динозаврлармен қатар адамдар да өмір сүргенде олардың тыныс алу өте қиын болар еді. Өйткені сол кезеңдегі атмосферада көмірқышқыл газы (CO2) қазіргіден әлдеқайда көп болған. Бұл туралы Германияның Гёттинген университетінің геохимиктері мен геологтар тобы жүргізген зерттеуде айтылған.

Ғалымдар Солтүстік Америка, Африка және Еуропада табылған бірнеше динозаврдың тістерінен алынған эмаль ұнтақтарынан осыдан 150 миллион жыл бұрын тыныс алған оттегі молекулаларының изотоптық іздерін тапқан.

Тіс эмалі өте тұрақты болғандықтан, ол омыртқалылар тыныс алған ауаның азғантай ғана мөлшерін сақтап, оны биоминерализация арқылы организмдегі су қорына қосып үлгереді. Осы әдіс ғалымдарға миллиондаған жыл бұрынғы атмосфера құрамын анықтауға мүмкіндік берген.

Ғалымдар анықтаған мәлімет шын мәнінде таңғаларлық. Бор дәуірінің соңында атмосферадағы CO2 деңгейі 750 ppm (миллион бөлшекке шаққанда), ал Юра кезеңінің соңында шамамен 1200 ppm болған. Бұл көрсеткіш индустрияландыруға дейінгі дәуірмен салыстырғанда төрт есе жоғары. Бор дәуіріндегі деңгей де қазіргі атмосферадағы 430 ppm көрсеткішінен де айтарлықтай жоғары.

Тираннозавр Рекс пен ұзын мойынды зауропод Kaatedocus siberi тістеріндегі оттегі изотоптарының құрамы да ерекше болған. Фото prins.uni-goettingen.de сайтынан алынды

Зерттеу тобы екі динозавр – Тираннозавр Рекс пен ұзын мойынды зауропод Kaatedocus siberi тістеріндегі оттегі изотоптарының ерекше құрамын да байқаған. Бұл вулкан атқылауы тәрізді жағдайлардан кейін атмосферада CO2 концентрациясының күрт артуын көрсетеді. Сондай-ақ ғалымдар Мезозой эрасындағы ғаламдық өсімдіктер фотосинтезінің қазіргі кездегімен салыстырғанда 2 еседен артық болғанын анықтаған.

Бұл жаңалықтар Жер тарихындағы экожүйелер мен климаттың қалай өзгергенін зерттеуге жаңа тәсілдер ұсынады.

«[Біздің әдісіміз] қазба тіс эмалін ерте Жер атмосферасының құрамын және сол кездегі өсімдік өнімділігін зерттеу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл климаттың ұзақ мерзімді динамикасын түсіну үшін өте маңызды», – дейді PNAS журналында жарияланған мақала авторы доктор Динсу Фэн.

ScienceAlert басылымы зерттеу тобы бұл әдісті 252 миллион жыл бұрынғы «Ұлы жойылу» кезеңінен кейін өмір сүрген жыртқыш динозаврларға қолданбақшы екенін жазған. Бұл кезеңде Жердегі жануарлардың басым бөлігі жойылып кеткен еді. Жаңа зерттеу сол дәуірдің және одан кейінгі өзгерістердің сырын ашуы мүмкін.

Зерттеудің толық нұсқасы жақында мына сілтеме бойынша жарияланады деп күтілуде.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.