in

«Дәретханадан басқа жерге ертіп барады»: Меруерт Түсіпбаева мобилографсыз жүре алмайтын әншілерді сиырға теңеді

Әнші Меруерт Түсіпбаева үнемі мобилограф ертіп жүретін әріптестерін сынға алды, – деп жазды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, тойға тек қонақтар мен әншілерге дастархан жайылады. Ол жерде өзге адамның жүргені орынсыз.

«Көптен бері осы мәселені көтергім келген… Бұзауын соңынан ерткен сиырдай мобилографты жанынан бір елі қалдырмай, дәретханаға барғанының басқасын түсіріп, желіге салатындарды  өз басым түсінбей өтермін бұл заманнан… Ана жолы бір танымал адамның тойында, ұйымдастырушы ивент қызметкерлері, кәдімгідей тойхана есігінде тұрып алып, мобилографтарды кіргізбей, “Үстінде сіздерге арнайы стол жайылды” деп айтып жатқанын құлағым шалып қалды … Сол дұрыс! Ондай жағдайға түсінікпен қарау керек! Тойханада әр қонақтың орны белгіленген, төленген .(Тойға мүлдем шақырылмаған адам, сол тойда жүруі ыңғайсыз емес пе) Соған қарамастан, көп әншілердің жанында мобилографтар еріп жүрді , дастархан басында отырды …. Бұл статистика, контент деген бір пәле болды ғой», – деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.