Әнші Әли Оқаповтың жары, актриса, қобызшы Ақерке Бүркітбай енесі Роза Рымбаеваны туған күнімен ерекше құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz.
Халық әртісінің келіні әлеуметтік желідегі парақшасында жылы лебізін білдіріп, әсерлі жазба жариялады.
“Туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын, Мам! Сіз мен үшін екінші анадайсыз! Сізге ұзақ ғұмыр, жүрегіңізге тыныштық пен бақыт тілеймін”, – деп жазды Ақерке Бүркітбай.
Желі қолданушылары Ақеркенің әрекетіне сүйсінді.
“Сендей келін бұйырсын”, “Қандай күшті біздің батыстың қызы”, “Дана ене мен ақылды келін”, – деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
