Танымал әнші Ерке Есмахан үшінші ұлын қырқынан шығарып, бесікке салды, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды.
“Батыр баламызды екі әжесі қырқынан шығарып, бесікке салды. Әулеттің үлкендерінің берген батасы қабыл болсын. Батырым атына заты сай, иманжүзді жігіт болып өссін. Өзім қандай әппақпын, жүрегім де дәл сондай. Сондықтан ақ тілегімді қабыл алыңыздар. Сәби күткен отбасыларға Алла егіз нәсіп етсін. Шаңырақтарыңызда тек бақыт, шаттық, қуаныш болсын. Бар болыңыздар, бай болыңыздар”, – деп жазды өнер иесі.
Айтуынша, өнер иесі бесікті арнайы тапсырыспен Шымкенттен алдыртқан. Екінші ұлының да бесігін солардан алған екен. Арнайы балқарағайдан жасалған бесік смарт үлгісінде құрастырылған. Бағасы – 60 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)