in

Елімізде Жошы хан дәуірі туралы сериалдың түсірілімі аяқталды

ХІІІ ғасыр кеңістігіне арналған туынды толығымен Қазақстанда түсірілген.   Түсірілім   осы жылдың 15 ақпанында басталған. Жобаның негізгі нүктелері “Қазақфильм” киностудиясы, Тамғалы тастың көне петроглифтері, Көшпенділер қаласы, Қимасар мен Суықтөбе шатқалдары, сондай-ақ Ескелді би ауылы саналады.

Туындының жарыққа шығуымен режиссер және шоураннер Эмре Шахин , ол басқаратын американдық-түрік Karga Seven Pictures кинокомпаниясы айналысып жатыр. Ол көрермендерге Rise of Empires: Ottoman and Testament: The Story of Moses сияқты жобаларымен танымал, ол әлемнің 90 елінде Netflix ағынды платформасының ТОП-10-на кірді. Karga SevenPictures “Дара” Президенттік бастамалар қорымен бірлесе Жошы хан тұсынан бастап Алтын Орда тарихын қайта жандандырып, экранға шығаруды қолға алды.

Туындының сценарийін Эмре Шахин, Клэр Мурсом және британдық тарихшы Джастин Поллард жазған. Тарихи деректердің нақтылығын қамтамасыз ету үшін Алтын Орда тарихы бойынша мамандардың халықаралық консультативтік тобы жұмылдырылды. Оның құрамына Қазақстан, Моңғолия, Ұлыбритания, Франция, Қытай және АҚШ сарапшылары кірді.

Сериалдың шығуына барлығы 700-ге жуық маман атсалысты. Жұмыс Лос-Анджелес, Нью-Йорк, Астана, Алматы және Ыстамбұлдан қатар жүргізілді. Команданың 70 пайызы қазақстандық мамандар.

Алда монтаж, музыкалық өңдеу, дыбыстық, визуалды және графикалық эффектілеу жұмыстары тұр. Бұған дейін WaltDisney, Pixar, DreamWorks, Universal және Sony Pictures компанияларымен жұмыс істеген студиялар жобаның көрнекі бөлігінде қазақстандық командамен тығыз байланыста жұмыс істейтін болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.