in

«Ене қаттырақ сөйлеп қалса, келіндер кішірейе салғаны дұрыс»: Гүлзира Айдарбекова отбасы туралы айтты

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ене мен келін тақырыбында сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі баласы сияқты келіндерінің де тілеуін тілеп отыратынын айтты. Айтуынша, келін кішіпейіл болғаны жөн.

“Келін ұрпағыңды жалғастырушы. Өміріміздің жалғасы. Олар шайын беріп, тырысып, сілкінбей жүрсе болды. Алдына түсіп, бар жағдайын өзіміз-ақ жасаймыз. Кейде ене қаттырақ сөйлеп қалса, келіндер кішірейе салғаны дұрыс. Қаншама өмірдің тауқыметін тартты. Келінге жаман болсын деп айтпайды. Кішкене пісіріп, тұрмысқа бейімдеп алайын деп ойлайды. Қатты босатып жібермеуді ойлайды. Бәрібір өз баласы сияқты келіннің де тілеуін тілейді”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.