Актер, әзілкеш Берік Тұрсынбектов әлеуметтік желіде жазба жариялап, сынға қалды, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол жігіттерге бала бағу міндет емес екенін айтып, ең алдымен өзін ойлауға кеңес берді.
”Қатын жолда, бала белде”, жасымаңдар жігіттер. Қадіріңді білмеген әйелмен уақытыңды қор қылма, өмір бізге де бір рет беріледі. Біреуді бағу, біреудің көңілін табу бізге міндет емес, өзімізді ойлайық. Баланы еркек үшін ғана туса, тастап кетсін. Бала бағу біз үшін міндет емес, бақыт. … деп біз бастамай тұрғанда естеріңді жиыңдар, қатындар халқы”, – деп жазды Берік Тұрсынбеков.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
