in

«Ешкімнің беделіне қарамаймыз, діңкілдеп сөйлегеннің көкесін көрсетеміз»: Елдос «Колобок» шаршағанын айтып, ашуланды

Блогер, асаба Елдос Кәдірханов әйелінің жүктілігіне қатысты мәселенің өршігенін жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол енді ешкімнің беделіне қарамайтынын айтып, ашуланды.

«Жақсылық істесең де жақпайды екен. Үндемей отыр едік, болмайды екен. Ертең бәрін айтамыз. Ешкімнің көңіліне, беделіне қарамаймыз. Бізді емдеген дәрігерімізден кешірім сұраймыз, оларға реніш жоқ. Жұмыстан шығып кетіп, қай клиникаға барады, сол клиниканы жарнамалаймын! Себебі олар – өте мықты дәрігер. Бүгінше жылап алайық, ертең діңкілдеп сөйлегеннің көкесін көрсетеміз. Ешкім хабарласып, тоқтатпай-ақ қойсын, телефонды алмаймыз», – деді ол.

Блогердің бұлай жасауына «Экомед» клиникалар желісінің басшысы Салтанат Байқошқарованың сіңлісі Перизат Байқошқарованың әлеуметтік желіде мәлімдемесі себеп болуы мүмкін.

Ол өз еңбектерін жоққа шығармау керегін айтқан еді. Алайда маманның бұл әрекеті желі қолданушыларына ұнамай, сынның астында қалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.