Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова мен 2Rar сахналық лақап атымен танымал әнші Тұрар Ыдырыс сахнада бірге өнер көрсетіп, жұрттың ықыласына бөленді, деп хабарлайды astana24.com.
Олардың дуэт орындаған видеосын әнші Нұрлыбек Нағметов әлеуметтік желіде жариялады.
"Апамның тыңдармандары күтпеген дуэт болды деп ойлаймын", – деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от НҰРЛЫБЕК НАҒМЕТОВ (@nurlybek_nagmetov)
Тұрар Ыдырыс та бірге өнер көрсеткен сәтінен видео жариялап: "Аңыз адам. Жақсы көремін", – деп жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от 2rar деген Тұрар (@turar__ydyrys)
Ал әншілерлің тыңдармандары мұндай тосынсыйды ешкім күтпегенін айтып, жылы лебіздерін жазып жатыр.
"Күтпеген коллаборация", "Х буыны мен Z буыны, өте керемет үйлесім, браво!", "Қандай керемет дуэт", "Жасы 60-тан асса да, керемет билейді", "Қандай энергеия!", "Нағыз хит", – деп таңданыстарын білдірді желі қолданушылары мен әншілердің әріптестері.
Посмотреть в Threads
