Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова көзілдіріктерін сатылымға шығарды, – деп жазды Aikyn.kz.
Бұл туралы актрисаның көмекшісі әлеуметтік желіде жазды.
“Жұлдыз ханымның көзілдіріктері сатылымға шықты. Неше түрлі брендтердің өнімі. Өз бағасы 327 мың теңге, ал сатылым бағасы – 130 мың теңге. Gucci брендінің көзілдірігі 130 мың теңге тұрады. Бетке өте ыңғайлы, сәнді аксессуар. Tom Ford брендінің көзілдірігі 386 мың теңге болса, сатылым бағасы – 150 мың теңге. Алып үлгеріп қалыңыздар”, – деп жазды актрисаның көмекшісі.
Айта кетейік, бұған дейін актриса сахналық киімдерін сатылымға шығарған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.