in

«Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова баласының денсаулығы жайлы айтты

Актриса, әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова кіші ұлының денсаулығы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол баласына қандай диагноз қойылғанын айтты. Сонымен қатар ата-аналарды бала денсаулығына бейжай қарамауға шақырды.

«Хан бес жасынан бастап көзілдірік тағады – астегматизм. Алты ай сайын тұрақты түрде тексеріліп тұрамыз. Міне бүгін кезекті рет тексерілуге келіп тұрмыз. Бізге қосымша қан тапсыру керек деді. Қан талдаудың нәтижесі бойынша, қандай дәрумендер ішу керек, оны да бізге айтады. Жалпы баланы жарты жыл сайын сheck-up жасатып тұру керек. Мен Ханды міндетті түрде өткізіп тұрамын, өйткені әлі кішкентай, 11 жасқа енді толады, алдын алған дұрыс деп ойлаймын. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген дұрыс», – деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.