in

Жаңа жобаның тұсауы кесілді

Жиын елордадағы Назарбаев университетінде Қазақстан халқы тілдері күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған. 

Конференцияға Үкімет мүше­лері, белгілі ғалымдар мен сарапшы мамандар қатысты. Еліміздің бар­лық өңірінен тіл саясатына жауап­ты мамандар мен білім басқарма­ларының өкілдері онлайн форматта қосылды.

Жиында ғылым, білім, техно­логия, тіл саясаты және цифрлық даму салалары талқыланып, мем­лекеттік тілдің заманауи ғылыми-цифрлық кеңістіктегі орны мен мүмкіндіктері қарастырылды. 

Халықаралық «Қазақ тілі» қо­ғамының президенті Рауан Кен­жеханұлы қазақ тіліндегі мәтінді дыбысқа айналдыруға арналған «TTS» (Text-to-Speech) жобасын таныстырды. Бұл бастама қазақ тілінің дыбыстық қорын жасанды интеллект экожүйесіне енгізіп, оны ғылым мен технология сала­сында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Қазақша дыбыс моделі ха­лықаралық Hugging Face платфор­масында жарияланады.

Конференция аясында Халық­аралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Шай­сұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-прак­­тикалық орталығы бірлесе оты­­­рып, «Ұлттық диктант» жоба­сын рес­ми түрде бастады. Жобаның мақса­ты – жазу мәдениетін дамыту, сауат­ты жазу дағдысын қалып­тас­тыру және тіл арқылы ұлттық бі­ре­гейлікті нығайту. Диктант офлайн және онлайн форматта өткізіледі, оған кез келген азамат қатыса алады.

Конференцияның ресми бөлігі аяқталған соң қатысушылар «Ұлт­тық диктант» жазды. Диктантты белгілі диктор Қымбат Досжан жүр­гізді. Диктант мәтіні қазақ әде­биеті классиктерінің шығар­ма­сынан таңдалды. Қатысушыларға баға қойылмайды, әркім өз сауатын өзі тексереді.

Онлайн диктантты www.til.kz платформасындағы «Ұлттық дик­тант» парақшасында кез келген уақытта кез келген жерде жазуға болады. Қатысушыларға элек­трон­ды алғыс хат пен KITAP плат­фор­масына тегін жазылым беріледі. 

«Ұлттық диктант» қорытын­ды­сы жыл соңына дейін жарияланып, жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді.

Айбике ЖАНАСЫЛ