in

Жетісайда Қайрат Нұртастың концертіне халық 9 сағат бұрын келген

Әнші Қайрат Нұртас Жетісай қаласында концерт өткізді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Әншінің анасы әрі продюсері жолдың алыстығына, күннің ыстығына қарамай концертке келген көрерменге алғыс айтты.

“Жетісайда халықтан біраз әңгіме естіп жатырмын. Бір жағы қуанып, екіншіден уайымдап қалдым. Үлкен ата-әжелер таңғы сағат 11-ден келіп алыпты. 9 сағат бұрын келіп алған. Көбі – көрші ауылдың адамдары екен. Қайратты көреміз деп ерте келген. Күн жанып тұр. Терлеп, су болып кетіпсіз десе де, көнбей қойыпты. Алла жүрегі баламыз деп елжіреген аналарымызға ғұмырлы да мәнді өмір берсін! Тек аналарымыз емес, еңбектеген баладан бастап жастарымыз да келді. 6 мың халық күтіп тұрды. Амандықтарыңызбен қуанта беріңіздер, жандарым сол!?￰Жетісай халқына алғысымыз шексіз! Алла бұйыртса,  Астана қаласында ұлымыздың ән кешінде баршаңызды күтеміз!”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.

Желі қолданушылары концерт қызық болғанын айтып жатыр.

 “5 баламмен бардық, Қайрат керемет концерт қойды”, “Ыстық болса да шыдадық”, “Қайраттың даусы өзгеріпті”, “Жетісайда бұрын-соңды болмаған кептеліс болып, үйге әрең жеттік”, “Қайратты көреміз деп бүкіл ел жиналды”, – деп жазды желі қолданушылары.Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.