in

Жұрт Роза Рымбаеваны танымай қалды (видео)

Халық әртісі Роза Рымбаеваның жаңа видеосы қызу талқыға түсті, – деп жазды Аikyn.kz.  

Бейнежазбада әнші үйінде отырғанын байқауға болады. Ол балыққа жарнама жасаған. Желі қолданушылары әншінің бейнесінде өзгеріс бар екенін айтып,  қызу талқылап жатыр.

Желі қолданушыларының айтуынша, әнші ота жасатқаннан кейін айтарлықтай өзгерген. Бірі бұл жасанды көрінетінін айтса, енді бірі өнер адамы сахнадағы бейнесіне мән беру керегін жеткізіп, қолдау білдірген.

“Өмір бойы сүйікті әншіміз болып келген соң мұндай түріне үйрену қиын”, “Бетін тани алмай қалдық”, “Жасанды әсер беріп тұр”, “Әркім өз қалауынша өмір сүреді”, “Өнер иесінің сахна үшін жас көрінуге талпынуы – заңды құбылыс”, “Әрине, әрбір әйел әдемі, жас болғысы келеді”, –  деп жазды желі қолданушылары.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от QAZAQ GRILL | КАЗАХ ГРИЛЬ (@qazaq_grill)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.