in

«Зәкең арамыз алыстаған соң солай жасаған шығар»: Мақпал Жүнісова қызы жайлы шындықты айтты (видео)

Әнші Мақпал Жүнісова журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында қызы Мерей Заманбекқызы жайлы айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Әнші қызды болу туралы идеяны марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділов айтқанын жасырмады. Сонымен қатар өзінің бауыры болғандықтан бұл жағдай өзіне аса қиын болмағанын атап өтті.

«Мен оны аламын деп те ойлаған жоқпын ғой. Ол баланы жоспарлап, біз аламыз деген ойымыз да, жоспарымыз да болмаған. Келін екі қыз туған ғой. Содан мына қызды босанады. Содан біздің бауыр «Төркініңе кет, тағы да қыз тудың» деген. Сол әңгімеге ашуланып, Зәкеңе айтамын ғой, «Құдай-ай, бізге бала бермей жатқанда, тағы да қыз тудың деген не әңгіме?» дедім. Сонда Зәкең «Есің дұрыс па? Осы сәтті пайдаланып қалайық» деп ана қызды алып кетті ғой. Аңдып отырып, осы баланы мен аламын деді. Идея менікі емес, ол Зәкеңдікі. Мүмкін, арамыз алыстап бара жатқан соң солай жасаған шығар. Сол уақыттары мен де шаршадым, арамызда бала жоқ. Зәкең болса, айғай, жан-жақтан жасалған шабуылмен жүрді. Сол кезде «Шіркін-ай, үйде бір бала жүгіріп жүрсе екен» деп бір армандайсың ғой», – дейді Мақпал Жүнісова.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Bas arip (@basarip2024)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.