in

«Кезіміз келіпті…»: әнші Мақпал Жүнісова өміріндегі жаңа кезең туралы айтты

Халық әртісі Мақпал Жүнісова зейнетке шыққанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі концерт барысында демалысқа шыққанын жеткізіп, ағынан жарылды.

“Демалысқа шығатын кезіміз келіпті. Зейнет жасына жеттік. Бұл менің зейнеткер ретіндегі бірінші концертім”, – деді әнші.

Халық әртісі осы уақытқа дейін өнеріне қолдау білдіріп, қол соғып, қошеметтеп келе жатқан көрерменге алғыс айтты. Сонымен қатар өнерден алыстамайтынын, жаңа белеске шыққанын атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.