in

«Күйеуімді сағынамын. Оның деңгейіндегі адамды кездестірмедім…»: Роза Рымбаева жан сырын ақтарды

Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева сұхбатында өмірден өткен жолдасын еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші күйеуіне деген сағынышын жеткізіп, оған тең келетін адамды жолықтырмағанын ашық айтты. Сонымен қатар екі ұлын өзі өсіріп, тәрбиелегенін атап өтті.

“Күйеуімді сағынамын. Мен тек өмірде емес, өнерде де жалғызбын. Әрине, өнеріме ғашық адамдар бар. Мен оның барлығын Тасқынмен салыстырамын. Оның деңгейіне жеткен адамды кездестірмедім, іздеген де жоқпын. Екі балама өзім әке, өзім шешемін. Менің осы деңгейге жетуіме махаббатын, еңбегін, шығармашылығын, білімін арнаған – Тасқын. Онымен кездеспегенде сахнада жүру, жүрмеуім белгісіз еді. Оны жасың ұлғайған сайын түсіне береді екенсің”, – дейді әнші. 

@qanat_tileuhan

  ♬ оригинальный звук – qanat_tileuhan

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.