in

«Күйеуім екінші отбасын құрамын десе, қарсы емеспін»: танымал актриса жылап қалды (видео)

Актриса, «Шаншар», «Алдараспан» театрында өнер көрсеткен әзілкеш Жұлдызай Дүйсенбиева отбасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Актриса енді сәби сүйе алмаса, күйеуінің екінші отбасын құруына қарсы емес екенін айтып, көзіне жас алды.

«Мен жолдасымды да түсінемін. Оған да бала-шағасының көп болғаны жақсы. Кез келген ер адамға ұл бала керек. Оның да ортасы бар, ағайын-туысы бар. Барлығы жан-жақтан айтады. Менікі дұрыс, оныкі бұрыс деп айта алмаймын. Ешкімді кінәлай, ешкімге ренжи алмаймын. Сондықтан бір бағдарламада да айтқанмын. Егер екінші отбасын құрамын десе, қарсы емеспін деп. Мен әрі қарай перзент таба алмайтын болсам, қарсы емеспін. Өйткені жақсы азаматтан жақсы ұрпақ қалу керек», – деді ол. 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Айнур Асанберди (@ainur_asanberdi)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.