in

«Күйеуім мәз»: үшінші сәбиін өмірге әкелген Ерке Есмахан қуанышты жаңалығын жеткізді

Үшінші ұлын дүниеге әкелген әнші Ерке Есмахан оқырмандарына  алғыс айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

“Ұлтабар ханымнан қазақ еліне жалынды сәлем! Қарашада өткен концертке бір апта қалғанда жүкті екенімді білдім. Концертте Құдай аузыма салып, тағы да ұл сыйлаймын деп едім. Періштелер әумин деген шығар?! Қыз дайын болса, ұл дайын деп перзентханаға шықтық. 10 маусым күні толғақ басталды. 11 маусым күні кеште перзентханаға келдік. 19:48-де дүние есігін ашты. Есік алдын жинап жүргенде уақыты келгенін ішім сезді”, – деп жазды әнші. 

Әнші құттықтап жатқан жандарға жақсылық тіледі.

“Құттықтап, ақ тілегін жаудырып жатқан баршаңызға мың алғыс! Қазақ халқына алғысым шексіз. Үйлеріңнен сәбидің күлкісі кетпесін. Бар жақсылық сіздерге де жұғысты болсын!”, – деп жазды. 

Әнші күйеуінің қандай сезімде жүргенін жеткізді.

«Менің жеңілдеп, рахаттанып жатқанымды күйеуім суретке түсіріп мәз», – дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.