Тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы салауатты өмір салтын сақтап, ұзақ өмір сүруді армандайтынын жеткізді, – деп жазды Аikyn.kz.
Ол шөпшегінің қолынан май жалағысы келетінін жасырмады. Сонымен қатар ол үшін қандай пайдалы әрекетті қолға алып жүргенін жазды.
1. Денсаулық бірінші орында
2. Уақытында ұйықтаймын
3. Кіріс пен шығысты қадағалаймын
4. Алкоголь мен темекі – ТАБУ
5. Жарты жыл сайын тексеруден өту
6. Керек дәрумендерді ғана қабылдаймын
7. Күйзелісті экологиялық түрде жеңуге тырысамын
8. Зейін мен назарды күнде жаттықтырамын
9. Таңертеңгі ішкі күйімді тыңдаймын
10. Мақсат қойып, нақты әрекетке көшемін
11. Уақытылы әрі сапалы демаламын
12. Өзімді, эмоциямды басқаруды үйреніп жүрмін
13. Күн сайын шүкірлік етемін
14. Диджитал-детокс жасап тұрамын
15. Эмоциямды іште тұншықтырмаймын.
«Шөпшегімнің қолынан май жаласам деймін… бұйыртса! Сіз де осы 15 іс-әрекетті әдетке айналдырсаңыз, геронтологтардың айтуынша, 120 жасқа дейін өмір сүруге мүмкіндік бар. Түртіп алыңыз, бөлісуді ұмытпаңыз!», – деп жазды ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.