Әлеуметтік желіде танымал актриса Әлия Әнуарбектің сырға салу рәсіміндегі видеосы жарияланды, – деп жазды Aikyn.kz.
Бейнежазбада Әлия Әнуарбекке продюсер Мөлдір Мұқан сырға тағып жатқаны көрінеді.
Желі қолданушылары бұл көріністі әртүрлі қабылдады. Бірі актриса екінші рет тұрмысқа шығып жатыр деп болжаса, енді бірі «Бақыт құшағында» атты жаңа фильмге түсіп жатқанын жеткізген.
«Жаным, жабырқап тұр ғой», «Марқұм күйеуін ойлап отыр», «Бұл қыз әлі бірінші күйеуін ұмытпаған сияқты», «Бағы жансын, бірақ неге көңілсіз көрінеді?», – деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.