ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова әнші Мадина Сәдуақасованың анасына ерекше сый жасады, – деп жазды Aikyn.kz.
Мадина Сәдуақасованың анасы 70 жасқа толған мерейтойын атап өткен.
“Мадина сіңлімнің анасының 70 жасын тойлап қайттық. Ата-анасы бар адам – ең бақытты, бай адам. Алланың берері көп болып, ғасыр тойын тойлаңыздар!”, – деп жазды әнші.
Халық әртісі мерейтойға қандай сыйлық әкелгенін айтты.
“Ақ шапан әкелгенім дұрыс болыпты. Өзіңізге жараса кетті. Тастамай киіп жүріңіз. 200 мың теңгені Мадинаға жібердім. Сақина алуға”, – деді Мақпал Жүнісова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.