in

«Мақпал әнін тастамасын» деп, өсиет қалдырған»: Мақпал Жүнісова әкесі туралы айтып, жылап қалды (видео)

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әкесі туралы естелік айтып, көзіне жас алды, – деп жазды Aikyn.kz.  

Өнер иесі журналист Аман Тасығанға берген сұқбатында әке амантына адал болғанын жеткізді.

«Үлкен ағам Болат қайтыс болып кетті. Бір қызды құтқарамын деп Ертістің суына ағып кетті. Сосын бір жылдан кейін әкем қайтыс болды. Әкем қайтыс болғанда «Өнерге қайта оралмаймын» дедім. Шешем үйден қуғандай боп, әрең шығарды ғой. «Әкең өлерінің алдында сенің «Папажан» деген әніңді радиодан тыңдап, «Міне, менің қызым» деп мақтанған” деді шешім. Сол кезде «Мақпал әнін тастамасын, әнін жалғастырсын” деп айтыпты. Әке аманатына адал болдым. Ол кісі мене үлкен үміт күтті. …Әкемнің анама «Осы қыз сені асырайтын болады» дегені құлағымда қалып қойыпты», – дейді Мақпал Жүнісова.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от «Хабар» телеарнасы (@khabartv)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.