Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын тікелей эфирде көрсетемін деп басы дауға қалды, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші бұл идеяны әріптесі Мейрамбек Бесбаев айтқанын жеткізді әрі әлемдік тәжірибеде бар дүние екенін атап өтті. Айтуынша, алғашында ұйымдастырушылардың ұсынысынан бас тартқан.
«Бұл идеяның авторы – Мейрамбек, міне өзі тұр. «Қазақ халқы бұл тойды көру керек, қаншама адам ниеттеніп жатыр. Әлемдік тәжірибеде бар дүние. Тіпті кейбір адамдардың тікелей эфирдегі сұхбаттары сатылады. Сенің тойыңды неге тойламасқа?» деп ұсыныс жасаған болатын. Бұл Мейрамбектің бүкіл қазақ халқына жасаған сыйлығы деуге де болатын шығар. Өйткені үйде отырған, декретте отырған, төсек тартып жатқандар көреді. Түркиядан бір досым арнайы сыйлығын Каспиге салып жіберіпті. «Шіркін-ай, сенің онлайн тойың 100 мың теңге тұрса да сатып алатын едім» деді. Қуана білмегенге құт қонбайды, бағалай білмегенге бақ қонбайды», – деді Сәкен Майғазиев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.