Танымал блогер Мөлдір Анарбаева қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлаған Тұрсын Алагөзовке алғыс білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.
Блогер мұны нағыз сауапты іс деп санайтынын атап өтті.
“Тұрсын Алагөзовтің бір-ақ күнде 100 пәтерді бұрқ еткізгені нағыз жаңалық болды. Жігітке тән қасиет, жасай берсін, Жұмағұл! Дақпыртып, елдің бәрін жинап алып, “Ойбай мен пәтер беремін” демей-ақ, жайлап барып шақырып, бере салды. Міне, нағыз жігіт! Құдай-ау, 100 бірдей адамның жыртығы жамалды ғой?! Бөлісе алатын байлар көбейсін! Меккеге жолдама беріп жатады ғой, алдайды-сулайды, артынан жылатады. Соны он орап алады ғой. Сол жаққа барып келгенде не табасың? Үй-күйі жоқ қаншама адам бар. Нағыз сауаптың қайда екенін мына кісі біледі. Адамның ең кереметі ұлтына, тіліне, дініне қарап бөлмей, адам ретінде қарап, құрмет көрсетуі – адамның ең кереметі. Ол қараған жоқ, еден жуа ма, неше жылдан бері жүргізуші ме? Оның ұлты орыс па, қазақ па? Діні қандай? Тілі қандай? Ол тек жақсылық жасады, жарайсың!” – деді блогер.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.