in

«Мен сені иіскеуім керек»: әнші Наркенже Серікбаева филармония басшысы қысым жасағанын айтты

Танымал әнші Наркенже Серікбаева Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының басшысы өзіне қысым көрсеткенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желіде видео жариялап, басшыдан көрген қорлығы жайлы айтып, көз жасына ерік берді. Айтуынша, филармонияның басшылығы өнерден шеттетіп, түрлі сөздер айтқан.

«Айтатын шындық көп. Ашындырып, мені осындай жағдайға жеткізді. Филармония басшысы Ғалымжан мырза маған қаншама қысым көрсетіп, киімің жоқ деген сылтаумен концерттен шеттетті. Махаббат туралы сөздер айтты, ұят та болсын айтайын, «менің алдыма отыр, мен сені иіскеуім керек» деген сыңайдағы әңгімелердің бәрінен өтіп келемін. Құрметті әкім мырза, осыны қолға алыңызшы. Жалғыз мен емес, қазақтың қаншама қызы сондай басшылардың қол астында кетіп жатыр. Филармонияда қанша жыл жұмыс істедім, бұл екі кісі басшы болып келмей тұрып, мұндай әділетсіздік көрген емеспін! Енді осы жолы шығатын жеріме дейін шығамын. Шындықты айтқаным үшін, махаббат құрмағаным үшін көріп келе жатқан қысымым бүгін шегіне жетті, – деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.