in

«Мен өте бай адаммын»: Димаш Құдайберген неге ескі телефон ұстап жүргенін айтты

Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген «Бизнес под капотом» арнасына берген сұхбатында мансап пен байлыққа қатысты сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Сұхбат барысында жүргізуші әншіден әлемге танымал әртіс бола тұра, неге телефонын жаңартпайтынын сұрады.

«Бір данышпаннан «Қаншалықты байсыз?» деп сұрағанда «Мен өте бай адаммын. Неге десеңіз, менің Атамекенім бар, Тәуелсіз мемлекетім бар, кең байтақ жерім бар, отбасым аман, халқым аман, бауырым бүтін» деп жауап берген екен. «Ал материалдық тұрғыда қаншалықты байсыз?» деп сұраған кезде «Сіз айтып отырған миллиондаған ақшам ғана болатын болса, онда мен кедеймін депті. Неге десеңіз, өмір бақи ақша тапсам да, мен үшін оның құны көк тиын» деген екен. Әрине, ақша барлық адамға керек. Бірақ ақшаға деген махаббат біздің алақанымызда ғана болуы керек. Алақанымыз арқылы жүрегімізге өтіп кететін болса, тұла бойымызды билеп, санамызды улап жіберуі мүмкін. Сондықтан адами құндылықтарды сақтап қалу керек. …Телефон – жай ғана құрал, байланыс үшін керек. Ең бастысы, жұмыс істеп тұрса болды», – деп жауап берді әнші.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.