in

«МузАРТ» тобы тарай ма?: Сәкен Майғазиев шындықты айтты

Сәкен Майғазиев “МузАРТ” тобына қатысты көпшіліктің көкейіндегі сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әнші топ тарамайтынын айтты. Келер жылы “МузАРТ” тобының құрылғанына 25 жыл толады. Осыған орай, топ шығармашылық концерт өткізбек.

“МузАРТ” тобына 25 жыл толады. Одан ары 30, 40, 50 жылға жалғасып, алдыңғы толқын ағалардың ақ жолын нәсіп етсін деп тілейміз. Топ тарамайды. Оған негіз жоқ. Қазақтың махаббаты, өнерге деген сүйіспеншілігі тұрғанда “МузАРТ” тобы тарайды деп ойламаймын. Ұзағынан сүйіндірсін”, – деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.