in

«Одан не өзгерді?»: Талғат Теменов шәкірті Баян Алагөзованың кешірім сұрағанына қатысты пікірін айтты (видео)

Режиссер, кинодраматург Талғат Теменов QazaqAIRAN арнасына берген сұхбатында Баян Алагөзова туралы сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Бұған дейін актриса, продюсер Баян Мақсатқызы өзінің сұхбатында өнердегі ұстазы Талғат Теменовтен көпшілік алдында кешірім сұраған еді. Ол қазір ұстазының еңбегін жоғары бағалайтынын, одан көп дүние үйренгенін жеткізді.  Ал режиссер бұл жеке мәселе екенін айтты.

“Бұл жеке қарым-қатынастарға жатады. Баянның кешірім сұрағанынан, кешірім сұрамағанынан не өзгерді? Мен өз басым білемін. Иә, Баян менің шәкіртім. Қазақтың бүгінгі мәдениетінен, руханиятынан өз орнын шегелеп алған қазақтың қыздарының бірі. Оның кешірім сұрағанының өзі азаматтығы, кісілігі, кішілігі және оның ақылы. Өз басым ақылды қыздарды сыйлаймын, қашанда оларға тілекшімін. Баянға да солай. Біреудің кешірім сұрағаны, біреудің тойы мен үшін қызық емес. Мен олардан өтіп кеткенмін”, – деді режиссер. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.