Әнші Ақбота Керімбекова үйінде ұлының үйлену тойын жасады, – деп жазды Aikyn.kz.
Тойда тілек айтқан Мейрамбек Бесбаев Ақбота Керімбекованың 4 баласы бар деп ойлап, жаңылысып қалды. Көпшілік оның 3 бала тәрбиелегенін айтып, ду күлді.
«Бота, тойың тойға ұлассын! Аман бол! Өте қуанштымын сен үшін! Төрт баланы дүниеге алып келген сендей анадан айналдым! Төрт мұсылманды, төрт қазақты алып келдің. Ойбай! Мәссаған! Мүмкін, бір қыз туасың енді. Өзіңе. Өзіңнің продюсерің болып жүреді. Сен қазір Бибіажар анамыздың продюсері болып жүрсің ғой. Саған да бір продюсер керек қой енді. Сол күнге де жетейік. Әулеттеріңізден той кетпесін», – дейді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от БАХЫТГУЛ КАКЕЙ (@bakhyt_show)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.