Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде өзін сынағандарға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, кейбір оқырман оны мақтаншақ санайды.
«Мақтаншақсың» деп жазып жатасыздар ғой маған. Ондайым бар енді, мойындаймын. Менің жүріс-тұрысым, өмірім-өнерім, іс-қимылым, киім-кешегім бәрі бір мақтаншақтыққа жататын шығар. Бірақ ол менің күнделікті, жәй ғана қалыпты тіршілігім. Өзім де таңғаламын. Сондай жақсылықтарға мені лайықты көрген Аллаға сансыз шүкір. Сіздердің де өмірлеріңіз мақтанып жүретіндей берекеге толы болсын. Барлығын молынан нәсін етсін Алла», – деді Ерке Есмахан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.