Продюсер, актриса Баян Мақсатқызы қызының сүйікті әншісін атады, – деп жазды Aikyn.kz.
Продюсердің айтуынша, қызы Алманың сүйікті орындаушысы – Raim.
“Сенсеңіздер де, сенбесеңіздер де айтайын, Алма қызым Raim-ның әндерін тыңдамаса, тамақ ішпейді. Алдымен оның “Самая вышка” бейнебаянын қою керек. Содан кейін барып қызым аузына қасық апарады. “Алтын ханым” байқауында Алма қызымның сүйікті орындаушысы – Raim хедлайнер болады. Алма қызымыз музыканы қатты жақсы көреді. Енді тез арада пианино сатып алу керек. Ал Алиса қызым – кітаптың фанаты”, – дейді Баян Алагөзова.
Сонымен қатар продюсер қызының тағы бір сүйікті әншісі Жазира Байырбекова екенін атап өтті.
Айта кетейік, өткен жылдың тамыз айында продюсер екі қыздың анасы атанды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.