Әнші Зарина Омарова ота жасатқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, осы уақытқа дейін артық салмақпен күресіп келген. Өнер иесі сахнаның адамы болғаннан кейін осындай қадамға барып, дене сымбаты үшін ота жасатқанын ашық айтты.
“Операция жасатуға мәжбүр болдым. Мұны осылай айтамын деп ойламаппын. Жасау керек болды. Өмір бойы артық салмақпен күресіп келе жатырмын. Артық салмақтан арыламын, сосын қайтадан қосып аламын. Сахнаның адамымын, үнемі камераның, халықтың алдындамын. Сондықтан әдемі болып жүргім келеді. Операция алдында қобалжып, жылап алдым. Бірақ анау айтқандай қорқынышты емес екен. Ең бастысы, кәсіби мамандарға жүгіну керек», – дейді Зарина Омарова.
Желі қолданушыларының бір бөлігі әншіні қолдаса, енді бірі спортпен айналысу керегін айтқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Зарина Омарова (@zarina_omarova_official)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.