in

«Роза Рымбаева сияқты болғым келеді»: Мақпал Жүнісова өмірдегі басты арманын айтты (видео)

Халық әртісі Мақпал Жүнісова журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында арманын айтты,  – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші қызының тұрмыс құрып, балалы болғанын көргісі келетінін жеткізді.

«Жақсы жігіт кездессе, ертерек кете берсейші деп айтамын. Роза Рымбаева сияқты немере сүйіп, баланы құшақтап алып, басқаша өмірге енгім келеді. Сол күнді асыға күтіп жүрмін. Соны қызыма айтсам, «Мама, мен әлі жаспын ғой, 22-ге енді толдым. Менен құтыла алмай отырсың ба?» деп айтады. Бір жағынан біртүрлі болып қалады екенсің. Сосын, «Жоға, жүре бер, бұйырғаны болар» деймін», –  дейді әнші.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от 🇰🇿 және Шоу бизнес жаңалықтары (@news.qaz)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.