in

«Сен – періштесің!»: Оразалы Досбосыновтың ұлы әкесінің өлеңін жариялады (фото)

Ақын Оразалы Досбосыновтың ұлы әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әкесі мен анасының суреттерін жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол суретпен бірге ақынның айтқан сөздерін жазып қойған.

“Мендегі ақтық сауалдың сүтін сауар кім, Қозы мен Баян қауышып жатқан мазардың,

Сенімен бірге қағармын.

Есігін, еркем –

Не дейсің бұған, Ажарым?..

Саған деген көңілім ақ, арам емеспін.

Сен бірақ та, мен үшін адам емессің,

Сен – Періштесің!

Әке болғанға мақтанба, бірінші адам бол!

Әке дегізген жарыңды құрметте!”, – деген өлең жолдары бар. 

Ақынның ұлы ата-анасын сағынғанын айтты.

Желі қолданушылары жылы лебізін жеткізіп, қолдау білдірді. 

“Әр сөзі атқан оқ еді марқұмның”, “Мұндай ақын қайта туылмайтын шығар”, “Қоғамға керек адам еді”, “Сөздің мәйегін теріп айтатын”, “Қазақтың ағып кеткен жұлдызы, жаның жәннәтта болсын”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.