in

«Студенттерді көшіру керек»: Жазира Байырбекова кептелісті азайтуға қатысты ұсыныс айтамын деп, сынға қалды

Әнші Жазира Байырбекова Алматыдағы көлік кептелісін азайтуға қатысты ұсыныс айтамын деп, сынға қалды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әнші Instagram парақшасында жазба жариялап, қаладағы кептелісті азайту жолын ұсынған.

«Қайран кептеліссіз уақыт?! Алматының кептелісін қалай шешеміз, халқым?! Менің нұсқам: барлық оқу орнын Қонаев, Қаскелең, Талғар, Есік қалаларына көшіруді ұсынар едім. Сіздің ойыңыз қандай?» – деп жазды ол.

Желі қолданушылары оның сөзін сынға алып, түрлі пікір білдіріп жатыр. 

«Студенттің не кінәсі бар? Барлық студент жеке көлігімен жүрген жоқ қой, пәтер жалдап, зорға жүр», «Алматы сонысымен қызық. Студент, жастар…», «Ең дұрысы, өзіңіз көшіп кетіңіз адамы аз кішкентай қалашыққа, сонда құтыласыз кептелістен», «Бұл нұсқаңыз дұрыс емес», –  деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, «Бағанашыл» балалар үйі Алматыдан Қонаев қаласына көшірілмейтін болды.

Президенттің тапсырмасымен Алматыдағы «Бағанашыл» балалар үйін тексере бастады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.