in

«Сіздерге анашымның аманатын жеткізгім келеді»: Димаш Құдайберген әсерлі жазба жариялады

Әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде әжесімен түскен суретін жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі көрерменге әжесінің ақ тілегін жеткізді.

«Үйде жүріп, суретке түсуге өзім сұранатын сәттер өте сирек болады. Бірақ осы жолы сіздерге анашымның аманатын жеткізгім келеді: анам бүкіл әлемдегі жанкүйерлеріме жүрек жарды алғысын айтып, сіздердің үздіксіз қолдауларыңыз бен жылы сөздеріңіз үшін ерекше ризашылығымды жеткіз деді. Сіздерге шын ниетпен сәлем жолдап, әрқайсыңызға бақыт, денсаулық және бейбіт өмір тілеймін дейді», – деп жазды әнші.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.