in

«Сіздерге таныстыруды жөн көрдім»: Баян Алагөзова алғаш рет кішкентай қыздарын көрсетті

Продюсер Баян Алагөзова алғаш рет кіші қыздарының беті ашық тұрған суретін жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. 

“Балаларды қорғау күнінде сіздерге кіші қыздарымыз Алиса мен Алманы таныстыруды жөн көрдім”, – деп жазды продюсер Instagram парақшасында. 

Суретте Тұрсын Алагөзов екі қызын көтеріп тұр. Продюсер Алма әкесіне, ал Алиса өзіне ұқсайтынын айтты. Сонымен қатар күйеуі екеуінің де сәби кезіндегі суреттерін жариялады.

Желі қолданушылары сәбилерге бақытты балалық шақ тіледі.

“Бүгін ерекше күн екен”, “Сары қызы Баянның өзінен аумайды”, “Оң жақтағысы анасының көшірмесі, сол жақтағысы әкесіне ұқсап тұр!”, “Осындай жеке және әсерлі сәтті бөліскеніңізге рақмет. Қыздарыңыз нағыз періштелер”, – деп жазды желі қолданушылары.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.